×

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады

Биыл 420 мың оқушы мектеп табалдырығын аттайды

 Халық үні 29.03.2022 | 17:55
фото: ашық дереккөзден

Келер оқу жылына бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады. Құжаттарды қабылдау тамызға дейін жалғасады.

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, бұл тәжірибе елімізде екі жылдан бері қолданылып келеді. 

Жалпы орта білім мектептерінің 1-сыныбына қабылдау 1 сәуірден басталады. Бұл ата-аналар үшін ерекше жағдай. Алдын ала мектепті белгілеп, egov.kz арқылы өз өтініштерін тапсыра алады. Біздің жүргізген талдауымызға сәйкес, ата-аналардың 80%-ы электрондық портал арқылы өтініш берген. Мектепке қабылдау туралы өтінішпен қоса, баланың туу туралы куәлігі, екі фотосы, екі (026 мен 063) медициналық анықтамасы керек, - дейді Кәрімова. 

Оның мәліметінше, биыл 420 мың оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама