×

Путин Украинадағы соғыста қаза тапты

Ол фамилиясының құрметін көтергісі келіп, майданға өз еркімен аттанған

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2023 | 13:32
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Красноярск өлкесінің тұрғыны Виталий Путин Украинадағы соғыста қаза тапты. Бұл туралы «Тайга.Инфо» хабарлады.

Красноярск өлкесі тұрғындары арасында «арнайы операцияда» қаза тапқандар саны күрт өсіп келеді. Солардың бір тобын жерлеу өлкенің Рыбинск ауданында болды, – деп жазды сайт.

Иркутск облысындағы Тулун қаласының тұрғыны Виталий Путин «арнайы операция» кезінде украин Отан қорғаушыларының оғынан қаза тапты. Красноярскіге қарасты Рыбинск ауданының муниципалды «Голос времени» газетінің хабарлауынша, ауданда жерленгендер арасында оның да мәйіті болған.

Путин соғысқа дейін Ресей темір жолында жұмыс істепті. 2012 жылы Красноярск өлкесіндегі Саян кентіне көшіп келіп, отбасын құрады. Соғыс басталғаннан кейін мобилизацияға ілікпепті. Бірақ фамилиясының құрметін көтергісі келіп, майданға өз еркімен аттанған. Онда көп уақыт соғысып жарытпапты. Ол 7 желтоқсанда оққа ұшқан. Дегенмен сүйегін еліне жеткізудің реті енді келіпті.

Бұған дейін өлкенің Большемурт ауданындағы Айтат селосының тумасы, 26 жастағы офицер Юрий Шнайдер «арнайы операцияның» құрбанына айналған болатын. Ол Ресей президенті Владимир Путин биылғы жаңа жылдық үндеуін оқығанда оның оң жақ иығы тұсында тұрыпты. Соның артынша майданға сапар шеккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама