×

Қос азаматтығы бар ресейліктер жауапқа тартылды

Олар Ресей азаматы екенін айтпаған

 Дәурен Ерболат 22.02.2023 | 14:25
Фото: pasporta.org

Қазақстанда қос азаматтығы бар ресейліктерге 1,3 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қарағанды әуежайында көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 26, 45 және 51 жастағы Ресей азаматтарын ұстады.

Көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, ұсталған 3 әйелдің қос азаматтығы (Қазақстан мен Ресей Федерациясы) бары анықталды. Полицейлер оларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігі («Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау») бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының шешімімен Ресей азаматтарының әрқайсысына шамамен 429 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Мадияр Айтуғанов.

Айта кетейік, былтыр қос азаматтығы бар 140-қа жуық адам Қазақстаннан шығарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама