×

Түркиядағы зілзаладан қаза тапқан адам саны 39,6 мыңға жетті

Провинциялардағы іздестіру-құтқару жұмыстарын қажет ететін учаскелердің саны азайып жатыр

 Динара Амантай 18.02.2023 | 10:10
Фото: Anadolu

Қазір Түркияда зілзала салдарынан қаза тапқан адамдар саны 39672-ге жетті. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркия вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларда іздестіру-құтқару жұмыстарын қажет ететін учаскелердің саны азайып жатыр. Олардың саны қазірдің өзінде 200-ге дейін азайған.

Еске сала кетсек, бұған дейін апат аймағында жүрген қазақстандық құтқарушылар өз жұмысын аяқтағанын хабарлаған болатынбыз. Жалпы, 10 күн ішінде біздің құтқарушылар 8 адамды үйінді астынан алып шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама