×

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2023 | 09:23
фото: ktk.kz

Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолында Топқайың және Катонқарағай ауылдарының арасында ВАЗ-208 және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, жол апаты болды.

Соның кесірінен ВАЗ-2108 көлігінің 87 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-ның кәмелетке толмаған жолаушысы Катонқарағайдағы ауруханада қайтыс болды.

Осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыс-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама