×

Балта мен пышақ апарған: Петропавлда жасөспірім мектепте үш оқушыны жарақаттады

Салдарынан үш оқушы жарақат алды

 Халық үні 13.02.2023 | 10:35
Halyq Uni

Петропавл қаласында 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып барған. Оқиға қаладағы №4 мектепте болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің хабарлауынша, 13 ақпанда облыс орталығындағы №4 мектепте 9-сыныпта оқитын жасөспірім үш оқушыны жарақаттаған.

Қазір жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Кәмелет жасына толмаған Д.-ны полиция ұстады. Осы бап бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 14-тармағы (кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала ақпарат бойынша кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады, - делінген ақпаратта.

Білім басқармасының хабарлауынша, жасөспірім мектепке ас үй балтасы мен пышақ алып барған. Мектеп дәретханасына кірген соң қаруланып шыққан.

Кәмелетке толмаған оқушының және мектеп әкімшілігінің іс-әрекетіне сотқа дейінгі тергеу барысында құқықтық баға беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама