×

Арал теңізінде су көлемі артты - Экология министрлігі

26 наурыз - Арал теңізінің күні

 Халық үні 26.03.2022 | 18:40
фото: ашық дереккөзден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазақстандықтарды Арал күнімен құттықтады.

26-наурыз – мереке күні ғана емес, сонымен қатар Аралды сақтау мақсатындағы іс-шараларды жалғастыратын күн! Өңірде жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі «Сырдария өзенінің арнасын реттеу әрі Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы саналады. Жобаның бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша: теңіздегі су көлемі 11,5 км³-ке (15,6 км³-тен 27,1 км³-ке дейін) өсті, судың минералдануы 23-тен 17 г/л-ге дейін төмендеді. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» екінші кезеңінің жобасы дайындалып жатыр. Жобаны іске асыру барысында гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау, сондай-ақ Арал теңізіндегі балық питомниктерін қайта құру жоспарланып отыр, – деді Брекешев.

Ведомство мәліметінше, Арал теңізі бассейніндегі суармалы алқаптарды (7,9 млн га дейін) ұлғайту мақсатында шөлдер мен жартылай шөлдерді қарқынды игеру су алуды жылына 63-тен 117 км3-ке дейін ұлғайтуға ықпал еткені белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама