×

Журналист Махамбет Абжанға сот үкімі шықты

Мемлекеттік айыптаушы Абжанды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

 Халық үні 03.02.2023 | 17:14
Фото: Halyq Uni

Астанада журналист Махамбет Абжанға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Махамбет Абжан жазасын қауіпсіздігі төтенше мекемеде өтейді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Абжанды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

2022 жылдың шілдесінде Махамбет Абжанның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.

Махамбет Абжанға қылмыстық кодекстің 274-бабы 2,3 бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айып тағылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама