×

«Парламентке бизнесмендер керек емес»: «Байтақ» партиясы Мәжіліс сайлауына 22 кандидатпен қатысады

Партиялық тізіммен 18 адам, мажоритралық жүйемен 4 адам ұсынып отыр

 Айнұр Шошаева 03.02.2023 | 14:43
Фото: baq.kz

«Байтақ» жасылдар партиясынан атынан 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына 22 кандидат қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ұйымның кезектен тыс съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Партиялық тізімде 18 адам, мажоритралық жүйе бойынша 4 адам қатысуды жоспарлап отыр. Партия жетекшісі Азаматхан Әміртай сайлауға мажоритарлық жүйе бойынша қатысатынын мәлімдеді. 

«Көп нәрсе материалдық ресурсқа байланысты. Біздің партия халықтан шықты, сайлауға қатысу үшін көп қаражат керек. Сондықтан тәуекелдерді азайту үшін екі жақтан да қатысамыз деп шештік. Біздің партия міндетті түрде өтеді. Өйткені жергілікті жерлерде командаларымыз мықты. Халықтың қолдауын аламыз. Партиялық тізімге өткен адамдарды депутаттыққа өткіземіз», – деді Азаматхан Әміртай. 

Бұған қоса, ол тізімдегі кандидаттардың шамамен 15-і Мәжіліске баратынына сенімді. 

«Біз 2,5 млн дауыс жинаймыз деп ойлаймын, ол шамамен тізімдегі 15 адам, сондай-ақ мажоритарлық тізімдегі кандидаттар бар. «Байтақ» жасыл экономика, эасыл энергетика мәселесімен айналысады. Біз айналамызға қоршаған ортаны қорғауға бей-жай қарамайтын азаматтарды топтастырдық. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстары, Алматы қаласы мен батыс өңірлерде белсенділер жұмыс істеп жатыр, әрқайсысы дауыс жинай алатынына сенімді», – деп қосты ол. 

Сонымен бірге, съезді ашу кезіндегі сөзінде ол «Ақжол» партиясы мен жаңадан тіркелген «Республика» партиясын сынға алды. 

Біз Парламентте бизнесмендер, байларды емес, қарапайым қоғам белсенділерін көргіміз келеді. Байлар, бизнесмендер тек өз қалталарын ғана ойлайды. Ал біз болашақ депутаттар елдің арасынан шығып, халықты толғандырған мәселелерді көтергенін қалаймыз. Елім деп жүрген қарапайым адамдарды да кіргізу керек. Сондықтан біз бизнесмендер мен олиграхтардың келуіне қарсымыз, – деді партия жетекшісі. 

Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен қатысатын кандидаттар 

1. Арман Қашқынбеков
2. Айнұр Сәбитова 
3. Қайрат Айтбай
4. Жанат Самат 
5. Владимир Мартель
6. Сейдулла Исмаилов
7. Айжан Сқақова
8. Бекжан Нәлібай
9. Нұртуған Тоғжанов
10. Күлән Байзақова
11. Болат Нұрғожаев
12. Айтуар Туғанбеков 
13. Лариса Жақсылықова
14. Ержан Елекеев
15. Мұрат Жакиев
16. Роман Ботабеков
17. Нұрлан Көптілеуов 
18. Думан Қапасов
Сондай-ақ мәжіліске мажоритарлық жүйемен қатысатын кандидаттар: 
1. Азаматхан Әміртаев
2. Бақыт Исаев
3. Серікболат Маженов
4. Қазбек Майгелдинов

Серіктес жаңалықтары

Сараптама