×

COVID-19 жұқтырғандардың саны азайды

2 мыңға жуық науқас аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 20.01.2023 | 09:05
Фото: unicef.org

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте COVID-19 74 адамнан, пневмония 7 адамнан анықталды.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде коронавирустан 1 949 адам (COVID-19 – 1 796 науқас, пневмония – 153 науқас) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 10 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 101 адамнан COVID-19 анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама