×

Бір тәулікте 101 адамнан коронавирус анықталды

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 19.01.2023 | 09:14
Фото: tass.ru

Қазақстанда бір тәулікте 101 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

19 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 967 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 154 пациент стационарда, 1 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандар арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама