Олар елімізден шығарылмақ болған
Қазақстаннан шығарылмақ болған 80 млн теңгенің майнингке арналған жабдығы табылды.
Шекарашылар Ақтөбе облысындағы Қазақстан – Ресей шекарасында майнингке арналған жабдықтарды республикадан жасырын түрде шығару әрекетін әшкереледі. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысындағы департамент шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге шығатын жерде DAF маркалы автокөлікті ұстады. Көлікті толық тексеру кезінде Қазақстаннан ілеспе құжаттары жоқ, 813 қорап қуаттауға арналған кабельдері бар Avalon майнингке арналған жабдығы табылды, - делінген хабарламада.
Жүктің құны шамамен 80 млн теңгеге бағаланды. Қазір тауар тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысындағы Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Президент елде заңсыз жұмыс істейтін майнинг фермаларын анықтауды тапсырды. Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күресетінін айтты. Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді. Атбасарда деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы табылды. Шымкентте заңсыз майнинг фермасы анықталды. Майнингті заңдастыру мемлекет пен криптоиндустрия үшін тиімді, деді cарапшы. Қостанайда шетелдіктерге тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды. Түркістан облысында миллиард теңгеге жабдықталған майнинг фермасы әшкереленді. Елордада тағы бір майнинг фермасы анықталды. Бас қалада тағы бір заңсыз майнинг фактісі әшекереленді. Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермасы табылды. Сұр майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек, деді Әлихан Смайылов. Назарбаев, Клебанов, Шәріпбаев, Нығматулинге қатысы бар майнинг фермалары анықталды.