×

Шымкентте заңсыз майнинг фермасы анықталды

Елімізде тағы бір майнинг фермасы табылды

 Халық үні 24.02.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Қазақстан заңнамасына қайшы майнинг қызметімен айналысатын тұлғаларды анықтады. Қазір тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Тінту кезінде цифрлық криптовалюта – биткоин өндірумен айналысатын ASIC майнингінің 360 данасы табылып, тәркіленді. Майнинг фермалары 3 контейнерге орнатылған, – дейді ҚМА.

Бұған дейін Президент елде заңсыз жұмыс істейтін майнинг фермаларын анықтауды тапсырды. Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күресетінін айтты. Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді. Атбасарда деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама