×

10 есе көп салық пен ІР-адресті шектеу: Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күреспек

Олардың мүлкі де тәркіленуі мүмкін

 Айнұр Шошаева 15.02.2022 | 12:59
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан үкіметі сұр майнерлермен күресу жолдарын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, елімізде ресми тіркелген майнерлер күніне 640 МВт электр қуатын тұтынады. 

Бүгінгі таңда ресми тіркелген майнингтік компаниялар шамамен 640 МВт электр қуатын тұтынады. Сонымен қатар «көлеңкелі» майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді, – деді министр. 

Бұл ретте, майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. 

«Мұның басты себебі тарифтің тартымдылығы. Осыған байланысты, министрлік тұтынушылардың басқа топтарына қарағанда, олар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу мақсатында энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобын бөлу мәселесін қарауды ұсынады», – деп қосты Қуантыров. 

Энергетика министрлігі цифрлық майнингті реттеу және дамыту бойныша ведомство әзірлеп жатқан бірқатар шараны атады. 

«Мемлекет басшысының келісімшарттарды зерделеу туралы тапсырмасы бөлігінде, майнерлерге техникалық шарттарды алу үшін негізделетін келісімшарттарды зерделеу бөлігінде, электр энергиясын тұтыну мақсаттары мен нақты көлемі тұрғысынан тұтынушылардың берілген техникалық шарттары бойынша тексеру жүргізуді көздеп отырмыз», – деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов. 

Сонымен бірге министр мәліметінше, цифрлық майнингті реттеу бойынша майнерлерге электр энергиясын тұтынуға квота қалыптастыру, цифрлық майнингтер мен электр энергиясының орталықтандырылған саудада босату бағасынан жоғары сатып алуды қамтамасыз ету, қуат нарығында басқа электр энергиясын тұтыну арасындағы дифференциалдық жолмен цифрлық майнинг нысандары үшін тарифті арттыру, электр энергиясның бөлшек нарығындағы цифрлық майнинг субъектілерін электрмен жабдықтауды тыйым салу, РФ теріс сальдосының тапшылығы кезінде майнерлердің энергия тұтынуын шектеу көзделген. 

Цифрлық майнинг қызметін кәсіпкерліктің басқа түрлерімен, оның ішінде өзге де есептеу қызметтерімен біріктіруді тыйым салуды енгізу.  Майнерлерді орналастыру бойынша алаңдарды құру, майнингті жүзеге асыратын субъектілерді жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын тұтынуға ауыстыруды ұсынамыз. Аталған ұсыныстар мүдделі тараптармен пысықталады, – деп қосты Ақшолақов. 

Мемлекет басшысының «сұр майнерлерді» көлеңкеден шығару тапсырмасына қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жұмысты үш бағыт бойынша жүргізуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы Бағдат Мусиннің айтуынша, «сұр майнерлер» бойынша Энергетика министрлігі және құқықтық органдардан құрылған мобильді топтардың револьверлік тексеру жүйесі енгізіледі. 

«Бірінші, оларды жүйелі түрде анықтау үшін ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын электр энергияның тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерулердің нақты алгоритмі қолданылады. Үшінші, уәкілетті органдармен бірлесіп, ІР адрестерге шектеу қою арқылы сұр майнерлердің іс-әрекетіне тыйым салу тетіктері пысықталады», – деді Мусин. 

Сондай-ақ, министрдің пайымынша, тиімді шешімдердің бірі - «сұр майнерлердің» мүлкін тәркілеуді заңнамада қарастыру мәселесі талқыланады. Аталған шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Энергетика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп қабылданады.

«Нарықты реттеу бойынша цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Мұнда негізгі критерий техникалық талаптарға сәйкес болу, яғни қажетті жабдықтардың, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлменің және міндеттемелердің болуын қарастыру. Сондай-ақ арнайы тарифті енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық және түсінікті нарық қағидаттарын орнатады», – деп қосты ол. 

Бұған қоса майнерлерге салық салудың оңтайлы жүйесін айқындау жоспарланып отыр. Осы ретте Қытай тәжірибесін қайталамау үшін Қазақстан нарығының бәсекелестігін арттыру, маңызды ойыншылардың елімізде жұмыс істеуге деген ынтасын сақтау секілді тәуекелдер ескеріледі. Сонымен қатар ESG талаптарын сақтау тұрғысынан «ақ майнерлерге» тиісті міндеттемелер қойылатыны да ескертілді. Ол Цифрлы активтер жөніндегі заң жобасында айқындалады. 

Соңғы бағыт – бұл Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін криптоиндустрия саласын дамыту үшін экожүйені құру бойынша шаралар болып отыр. Атап айтқанда елімізде криптобиржалар құру, криптобиржа қатысушылары үшін банктік қызмет көрсетуді іске қосу (Астана халықаралық қаржы орталығы), майнингтік пулдар құру. Ұсынылған шаралар нарықта нақты және айқын ережелерді орнатуға, электр желісін шамадан тыс жүктелуін болдырмауға және майнингтік фермалардың көпшілігін «сұр аймақтан» шығаруға оң әсерін тигізеді, - деп сөзін түйіндеді Бағдат Мусин. 

8 ақпанда өткен үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанда майнинг салығын еселеп арттырып, барлық майнингтік ферманы тексеруді тапсырған болатын. 

«Барлық майнинг фермасын анықтау, салық және кеден мәселелерін тексеру, сонымен бірге техникалық шарттар алынған келісімшарттарды, қызметтің басқа аспектілерін мұқият зерделеу қажет. 15 наурызға дейін баяндауларыңызды сұраймын», - деген еді Президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама