×

Түркістан облысында миллиард теңгеге жабдықталған майнинг фермасы анықталды

Олар Қазақстан заңнамасына қайшы қызмет еткен

 Халық үні 01.03.2022 | 14:11

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Түркістан облысында заңсыз майнинг фактісін анықтады.

Шардараның ГЭС маңында орналасқан аумақта майнинг өндіруші ферма Қазақстан заңнамасын бұза отырып, аса ірі көлемде кірістер өндіріп отырған.

Құрал-жабдықтардың саны 2899 бірлік көлемінде анықталған. Жабдықтардың болжамды құны 1 млрд теңгеден асады

Криминалисттің қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың наурыз-желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған кірістер көлемі 450 млн теңгеден астам құраған.

Қазақстанда заңсыз жұмыс істейтін майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама