×

Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы туыстарын іздеп жатыр

Асылхан Бейсембеков бауырларын тапқысы келеді

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2023 | 11:03
фото: Instagram

2007 жылы Семей қаласындағы жетімдер үйінен АҚШ азаматтары асырап алған қазақ баласы Қазақстандағы туған-туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы тележурналист Гүлмира Дайрабаева өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, асыранды қазақ баласының шын аты-жөні – Асылхан Бейсембеков. Оның есімі америкалық отбасы асырап алғаннан соң Гарри Плошей болып өзгерген.

Асылхан 2005 жылы туған. 2007 жылы Семейдегі жетімдер үйінен АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы отбасы асырап алған. Семейде 3 бауыры қалған. Асылхан – Гарридің айтуынша (қолындағы бір тал қағазда қазақ ата-анасының есімі бар), олар –  биоанасы Гүлнар Карлқызы Бейсембекова, әкесі Абайхан Бейсембеков.

Ұл бірнеше жылдан бері іздеуді бастаған екен. Семейдегі Курчатов көшесінде деп тіркелген құжатта олар (ата-анасы 4 баламен) жалға алған үй болып шыққан. Асылхан – Гарри қазір 17 жаста. Ол өзінің туған бауырларын, яғни ағалары мен әпкесін іздеп жүр. Жұмыла көмектесейік, ағайын! Кімде-кім ақпарат білсе немесе Асылханның туыстары, маған хабар берсеңіздер! Алдын ала алғысымды білдіремін, –  деді Гүлмира Дайрабаева.

Журналистің айтуынша, осы күнге дейін Америкадан көптеген асыранды балалар табылып, көп іс атқарылған.

«Балалардың қалауымен ата-аналарымен табыстырдым. Көп іс атқардым. Шүкір, ұрпағым сауабын алар, жақсылық жасаудан шаршамаймын. Сіздер мені белгілеп репост, сториске салсаңыздар, мүмкін Асылханның бауырлары арамыздан табылар. Америкалық ата- анасы Асылханға туған ағалары мен әпкесі бар екенін айтқан. Олар Асылхан – Гарриге бауырларын тауып беруге өтініш жасап жатыр», –  деді ол сөз соңында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама