×

Алматыда 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді (ВИДЕО)

Күдікті қамауға алынды

 Дәурен Ерболат 10.01.2023 | 13:31
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция 100 келі синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Есірткі Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде өндірілген. Онда 32 жастағы ер адам жұмыс істеген. Ол «химик» қызметін атқарған әрі есірткіні бөлуге, сатуға жауап берген.

Алматы қаласы ПД басшының орынбасары Дидар Ахановтың айтуынша, жедел әдіспен алынған ақпарат мұқият тексеріліп, расталды.

Бірнеше ай бойы «өндіруші» зертхана жұмысын реттеп, онда мефедрон (синтетикалық есірткі) жасады. Белгілі болғандай, Б. атты азамат жұмыс берушінің онлайн нұсқауын орындады. Куратор оған қажет шикізаттың жеткізілуін қамтамасыз етіп, зертханалық жұмыстарды қалай жүргізетінін үйреткен. «Химик» жеке үйді жалға алған. Ол есірткі зертханасын қораға орналастырды. Өзі бас ғимаратта тұрды. Күдікті бұл жұмысқа жоғары жалақысы үшін келгенін айтты, - деді басшының орынбасары.

Есірткі сатушы арнайы операция барысында ұсталды. Мефедрон жасалған зертхана жойылды. Оны тінту кезінде прекурсорлар, шикізат, сатуға дайын синтетикалық есірткі, шыны ыдыстар түріндегі инвентарь, сұйықтығы бар полиэтилен канистрлер, пробиркалар, бөтелкелер, таразылар мен электр пештері анықталды.

«Тәркіленген шикізаттың жалпы салмағы – 100 келі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді Дидар Аханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама