×

Жауапкершіліктен қашқан алматылық өзін Антикор қызметкері деп таныстырған

Ер адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр

 Халық үні 08.01.2023 | 13:01
фото: Антикор

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

6 қаңтарда жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында 1987 жылы туған азамат Ұлан Рай өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері деп таныстырған. Оны агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы полициясымен бірлесіп әшкереледі.

Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік куәліктерді қолдан жасау ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әлетінін еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама