×

Шымкентте көшеден табылған сәби Бөбектер үйіне тапсырылды

Сәбиін көшеге тастап кеткен 27 жастағы анаға қатысты қылмыстық іс тіркелді

скриншот: видео

10 наурызда Шымкент қаласының тұрғындары толассыз жауған жаңбыр астында қалған тастанды сәбиді кешкі тоғыздар шамасында байқаған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, ауыр жағдайда жатқан бөбекті жансақтау бөліміне жатқызған.

Қазір беті бері қараған шақалақ Бөбектер үйіне тапсырылды. Салмағы 3,2 келі, бойы 50 см шығатын ұл баланың жағдайы қанағаттандырарлық екен.

«Нәресте динамикалық бақылау үшін оқшау бөліміне орналастырылды. Бөбектер үйінде температуралық режим қамтамасыз етілген. Бейімделген сүт қоспасын беру тағайындалды. Бала белсенді, қоспаны әр үш сағат сайын 60 миллилитрден сорады. Қазіргі уақытта нәрестенің денсаулығына қатысты еш шағым жоқ», - дейді «Бөбектер үйінің» дәрігері Гүлмира Мирюсупова.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан табылған нәрестенің анасы табылғанын хабарлады. Қазір 27 жастағы келіншекке қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Дәрігерлердің болжамынша, ұл бала көшеден табылған сәттен үш күн бұрын туған болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама