×

ҰҚК аса ірі көлемде есірткімен айналысқан қылмыстық топты ұстады

Жалпы тәркіленген есірткі көлемі 16 тоннадан асты

 Динара Амантай 06.01.2023 | 14:34
Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған арнайы операцияны іске асырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың мүшелері ұсталып, олардан 5,5 тоннаға жуық апиын түрі алынды.

Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.

Бұған қоса, тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, тәркіленді.

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.

Жалпы тәркіленген есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама