×

Астанада журналист Махамбет Абжан ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Мемлекеттік айыптаушы — Альмира Қожахметова

 Айгерім Таубай 06.01.2023 | 11:13
фото: Halyq Uni

Астанада кәсіпкерді бопсалады деп айыпталған журналист Махамбет Абжанның ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева қарап жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы — Альмира Қожахметова.

2022 жылдың шілдесінде Махамбет Абжанның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.

Агенттіктің хабарлауынша, Абжанды ұстауға кәсіпкерді бопсалағаны себеп болған.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ақша бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама