×

Алматы облысында жеті адам жоғалып кетті - ТЖМ

Олар кеше Асы үстіртіне қарай шыққан

 Халық үні 03.01.2023 | 17:08
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

3 қаңтар күні сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне отбасы мүшелерінің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Нақтырақ айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына дрон жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама