×

Өзбекстанда тағы бір бала ЖРВИ-ға қарсы сироптан уланып қалды

Баланың анасы дәрігердің рұқсатынсыз «Док-1 Макс» сиропын шамадан аса берген

 Дастан Жұмабекұлы 03.01.2023 | 11:27
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда тағы бір бала ЖРВИ-ға қарсы Үндістаннан шыққан дәріден уланып қалды.

Жөтел сиропынан кейін бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2019 жылы туған бала ауруханаға түскен. Оған «Док-1 Макс» сиропы шамадан аса берілген.  Баланың анасы дәрігердің рұқсатынсыз дәріханадан сироп сатып алып, оған 4 күн бойы 5 мл 10 рет берген.

2022 жылдың 27 желтоқсанында Самарқандта 19 баланың өлімі расталды. Олардың барлығы аталған препаратты қабылдағаннан кейін қайтыс болды. Одан кейін 31 желтоқсанда тағы 10 бала үнділік препараттарды қабылдап, ауруханаға түскен.

Оқиғадан кейін елдің Денсаулық сақтау министрлігі тексерулер мен зерттеулерді бастады. «Док-1 Maкс» сиропынан этиленгликоль табылды. Ол дұрыс қабылданбаған жағдайда денсаулыққа проблема әкелуі мүмкін.

Тәжікстанда сиропты сатуға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама