×

Жоба мен қатысушыларды қаралаған Тәшімбетова «Әлем аруы» атағынан айырылды

Оның көрсеткен құрметсіздігі мұндай адамның еліміздің «аруы» атағына лайық емес екенін көрсетеді, - дейді ұйымдастырушылар

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2022 | 14:30
фото: ашық дереккөз

Диана Тәшімбетова «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырылып қалды. Бұл туралы «Қазақстан аруы» жобасының Instagram-дағы парақшасына жарияланды.

Байқауды және оның қатысушыларын қаралауды көздеп, жалаға толы пост пен тікелей эфирдің жариялануына байланысты биылғы финалист Диана Тәшімбетованы Қазақстан «Ғалам аруы-2022» атағынан айырамыз.

Диананың сөздері тек ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен оның серіктестерін ғана емес, сонымен қатар байқаудың басқа қатысушыларын да негізсіз қаралауды көздейді. Біз бұл басқаларға деген үлкен құрметсіздік және басқалардың еңбегінің құнсыздануы деп санаймыз», - делінген жазбада.

Жоба ұйымдастырушыларының мәліметінше, финалдық шоуға, пиар-компанияға, Диана Тәшімбетованы байқауға қатысуға дайындауға және оның имиджін дамытуға көп қаражат пен күш жұмсалған.

Ал оның көрсеткен құрметсіздігі мұндай адамның еліміздің «аруы» атағына лайық емес екенін көрсетеді, - дейді олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама