×

Қаңтар оқиғасына қатысты 8 адам азаптаудан қайтыс болды – Антикор

8 қылмыстық іс прокуратураға берілді

 Айнұр Шошаева 14.03.2022 | 11:24
коллаж: Halyq Uni

Қаңтар оқиғасынан тергеу кезінде 8 адам құқық қорғау органдарына күштік құрылымдардың қызметкерлерінің азаптауынан кейін қаза тапты. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалардан кейін, құқық қорғау органдарына күштік құрылымдардың қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты арыздар келіп түсе бастаған.

«Аталған арыздар бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке прокуратурадан 48 және Ішкі істер министрлігінен 77 қылмыстық іс келіп түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 109 арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Нәтижесінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 234 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде», - деді агенттік төрағасы.

Антикор тергеп жатқан қылмыстық істің 220 эпизоды азаптауға, 14-і билікті асыра пайдаланумен байланысты.

«Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты – 220, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттеріне 5, Қылмыстық атқару жүйесіне қатысты 9 іс бар. 11 арызданушының оларды жоғары температураны қолдана отырып, азаптау фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс шеңберінде барлық кешенді жедел-тергеу іс-шаралары уақтылы өткізілді. Нәтижесінде, арызданушылар оларға қатысты тыйым салынған тергеу әдістерін қолданған полиция қызметкерін таныды. Барлық дәлелдемелер бекітілгеннен кейін, аталған қылмыстық іс арнайы прокурорларға берілді. Сонымен қатар арнайы прокурорларға адамның қайтыс болу фактісімен тіркелген 8 қылмыстық іс берілді», - деп толықтырды Бектенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама