×

Қаңтарда Астанадағы автобус карталары да қымбаттайды

Әзірге ол 800 теңгеден сатылып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 27.12.2022 | 15:27
фото: ашық дереккөз

Астанада автобус карталары қымбаттайды. Бұл туралы «Сity Transportation Systems» компаниясының өкілдері хабарлады.

3 қаңтардан бастап «TRANSCARD» көлік карталарын бастапқы шығару құны қосымша құн салығын қоса есептегенде, 1000 теңге болады. Әзірге ол 800 теңгеден сатылып жатыр.

Ал картаны қайта шығару бағасы қосымша құн салығын қоса есептегенде, 2 мың теңге болады. Қазіргі құны – 1500 теңге.

Биыл көлік карталарын басып шығаратын касса жабдығын жаңарту жоспарланып отыр. Сондықтан баға біршама өсті, - дейді компания өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама