×

Ресей көпжылдық мобилизацияға дайындалып жатыр

Енді Қорғаныс министрлігі адамның рұқсатынсыз оның базасына кіре береді

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2022 | 15:55
фото: ашық дереккөз

Ресей Қорғаныс министрлігі бұдан былай көп жылға созылатын мобилизация жүргізу үшін тұрғындар мәліметтерінің бірыңғай тіркеліміне кіре алады. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Ресей билігі армия қатарын тағы 350 мың адамға көбейту жоспарының аясында әскери міндеттілерді іздеу мен қадағалау жөніндегі әскери мүмкіндіктерді түбегейлі кеңейтуді ойластырып жатыр, – делінген хабарламада.

РФ Қорғаныс министрлігі алдағы жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындар мәліметтерінің бірыңғай тіркеліміне кіре алады. Бұған Үкіметтің 23 желтоқсанда жарияланған қаулысы жол ашып беріп отыр.

2020 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан тіркелімге салық есебінің, Зейнетақы қорының, МӘМС қорының және еңбекпен қамтудың деректері жинақталған ақпарат (аты-жөні, туған уақыты және құжатының идентификаторы) базасынан бөлек, енді Ішкі істер министрлігі, Федералды салық қызметі мен Еңбек министрлігі кіреді.

Бұларға сондай-ақ әскер жасындағы азаматтардың паспорттық мәліметтерінен басқа, білімі мен мамандығы жайындағы деректер де қосылып жатыр. Тіпті АХАЖ-дағы барлық мағлұматтары да осында болады.

Әскери комиссариаттар мұндай қолжетімділікке КСРО кезінде, 1941 жылғы мобилизация тұсында бірінші рет жеткен екен. Одан кейінгі кезек енді келіп тұр.

Бұл жоспарлардың бәрі Ресей билігінің ұзақ мерзімге созылатын соғысқа қатысты жаңа мобилизациялар толқынын жасауға ұмтылып отырғанын көрсетеді, – деді «Гражданин. Армия. Право» құқық қорғау ұйымының директоры Сергей Кривенко.

Ресейдегі бірінші мобилизациядан кейін армия қатары 1,1 млн адамнан 1,15 млн-ға дейін жетті. Шын мәнінде, РФ Қарулы күштері сапында қазір 900 мың әскери қызметкер бар. Бұған қоса, Украинамен соғыста 100 мың жауынгер опат болған. Жараланып саптан шығып қалғандар да аз емес. Сондықтан Путин бір жағы осы олқылықтың орнын толтыруды да көздеп отырған көрінеді.

«Сол үшін де Қорғаныс министрлігінің тағы 300 мыңға жуық адамды әскерге шақыруына тура келеді», – деді Кривенко.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама