×

Елордада ашық лига ойындарының чемпионы анықталды

Сайысқа 6 команда қатысты 

 Халық үні 05.11.2022 | 19:59
Фото: Қазақстан КВН одағы

Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласының ашық чемпионатының финалы өтті.

Оған Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетті. Ойында «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастырды.

5 қарашада өткен финалға сайысқа еліміздің барлық аймағынан 6 команда қатысты.

Ойындарға әзілкеш Тасхан Қанат, Бекзат Дүйсенов, Ғалым Махамбетов және Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қайрат Қамбаров төрелік етті.

Бұл ойынның қазылар алқасы төрағасы Жоғары лига ойындарының жүргізушісі, «Қазақсттан КВН Одағы» директоры Есен Елеукен болды. Нәтижесінде бас жүлдені Шымкент қаласынан келген ерекше құрама «Бәркелді кірпі» жігіттері иеленсе, күміс жүлде атыраулық «Индер» құрамасына бұйырды.

Ал 3-орынға оралдық «Дежавью» командасы жайғасса, астаналық «Элита» командасының ойыншысы Сапаров Наурыз «Үздік ойыншы» атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама