×

Әйелдің дауысын салған: Ақтөбе тұрғыны алаяққа алданып қалды

Күдікті азамат кінәсін толықтай мойындады

 Динара Амантай 21.12.2022 | 18:00
Фото: stoplike.ru

Ақтөбелік әйел алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық полиция бөліміне 57 жастағы әйел келіп, өзінен белгісіз біреудің 300 мың теңгесін алдап алғанын хабарлаған. Жәбірленушіге өзін әлеуметтік қызметтің қызметкері ретінде таныстырған әйел қоңырау шалып, оған екі бөлмелі пәтер тиесілі екендігін, алайда үйдін құжаттарын рәсімдеу үшін 300 мың теңге төлеу қажеттігін айтқан. Алаяққа сенген әйел қажетті соманы көрсетілген шотқа аударған. Ақша аударылғаннан кейін әлеуметтік қызметтің қызметкері байланысқа шықпаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті азамат кінәсін толықтай мойындады. Өзін әйел ретінде таныстырғанын және әйел даусымен сөйлескенін түсіндірді.

 Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама