×

Түркістан облысында туысының тонын ұрлаған әйел ұсталды

Келтірілген шығын көлемі – 750 мың теңге

 Динара Амантай 21.12.2022 | 16:12
Фото: depti.kz

Түркістан облысының полицейлері туысының тонын ұрлаған әйелді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде тұрған бағалы тоны ұрланғанын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі – 750 мың теңге.

Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Жедел-тергеу тобы құрылып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің туыс келіні болып шықты.

Анықталғандай, жас әйел ақша қажет болған соң туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама