Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермасы анықталды

Халық үні

Олардан қомақты қаржы тәркіленді

коллаж: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері ҰҚК және АЭҚБК қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Оның барысында екі заңсыз майнинг фермасы қызметтерінің жолын кесті.

Олардын бірі ТЖО ғимаратында электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық байланысты сақтамай қосылған. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдық табылып, тәркіленді. Құқыққа қайшы қызметін жүзеге асыру нәтижесінде түскен кіріс сомасы 30 000 000 теңгеден астам қаржыны құрайды, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Екінші ферма ЖШС аумағында орналасқан. Басшысы – шетел азаматы. Оның кіріс сомасы 60 000 000 теңгеден астам қаржыны құрайды.

«Қазір қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.

Президент елде заңсыз жұмыс істейтін майнинг фермаларын анықтауды тапсырды. Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күресетінін айтты. Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді. Атбасарда деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы табылды. Шымкентте заңсыз майнинг фермасы әшкереленді. Майнингті заңдастыру мемлекет пен криптоиндустрия үшін тиімді, деді cарапшы. Қостанайда шетелдіктерге тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды. Түркістан облысында миллиард теңгеге жабдықталған майнинг фермасы анықталды. Елордада тағы бір майнинг фермасы анықталды. Бас қалада тағы бір заңсыз майнинг фактісі анықталған болатын