×

Кентау тұрғынынан 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді

Қару-жарақ оның көлігінен табылған

 Динара Амантай 19.12.2022 | 11:10
Фото: polisia.kz

Кентауда тұрғынның көлігінен 2 шолақ мылтық пен винчестер тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған Mercedes автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты. Заттай дәлел ретінде алынған 2 шолақ мылтық пен 1 дана винчестер қаруы сараптамаға жолданды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді.

Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама