×

Алматыда әккі ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

Қылмыстық топта 4 адам болған

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2022 | 16:50
фото: polisia.kz

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды.

Алматы қаласы Наурызбай ауданының полицейлері ұрылардан құлыптар, ноутбуктар, кілттер мен басқа да қылмыс жасауға қажетті заттарды тәркіледі. Полицейлердің айтуынша, ұрылар 4 адам болып топ құрып, қалада кемінде 5 ұрлық жасаған.

Ұрылар қылмыстарын алдын ала пысықтап, дайындалған.  Әрқайсысының міндеті болған. Мысалы, біреуі сыртта тұратын болса, үшеуі пәтергі кіріп, қылмыстарын жасап отырған. Олардың ең үлкені – Қостанай облысының тумасы, 53 жастағы Г. есімді азамат. Қылмыстық топтың қалған мүшелері – 30, 34 және 41 жаста. Олар да басқа жақтан келгендер. Қылмыскерлерді Наурызбай аудандық полиция бөлімшесі мен қалалық криминалдық полиция басқармасы бірігіп ұстады, –  деді  Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев.

Оның айтуынша, ұсталғандардың үшеуі бұрын сотты болып, ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама