×

Астанада жаңадан салынған «Жағалау 4» тұрғын үй кешенінен де шу шықты

Мұз қатып, құбырлары жарылып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 14.12.2022 | 11:28
фото: ашық дереккөз

Астанада жаңадан пайдалануға берілген «Жағалау 4» тұрғын үй кешенінде де жылу мен ыстық су жоқ. Төменгі қабаттағы кәсіпкерлік нысандар жылудан ажыратылған. Енді соның зардабын қарапайым тұрғындар тартып отыр.

Қазір 600-дей пәтері бар бұл үйден үлескерлердің 70 пайызы кілттерін алған. Алайда жылу тұрақты болмағандықтан мұз қатып, олардың құбырлары жарылып жатыр.

Жылыту пушкасының арқасында ғана отырмыз. 15-20 минутқа өшірсек болды, пәтердің іші суық болып кетеді. Одан бөлек, осы пушканың әсерінен кабель қызып, істен шығады. -30 градус аязда ондай оқиғалар да болды, - дейді тұрғындардың бірі Александр Жоха.

Жылумен қатар, онда қазір ыстық су да жоқ екен. Жұртқа ыдыс жуу үшін суды қайнатып, ал жуыну үшін туысқандарының үйіне баруға тура келеді.

Оңдасын Строй» ЖШС-нен техникалық дайындық актісін рәсімдеуге келіп түскен өтінім бойынша «Астана-Теплотранзит» АҚ маманы тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтау жүйесінің және кеңсе бөлігінің жылу тұтыну жүйелерінің жылуды қабылдауға дайындығын тексеру үшін жолға шықты. Әзірлікті растау кезінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен шарт жасасу және жылуды іске қосу үшін техникалық дайындық актісі рәсімделеді, - деп ресми хабар берді осы орайда қала әкімдігі.

Ал тұрғындар бұған дейін де талай мәрте әкімдік пен құрылыс компаниясына шағымданғандарын айтып отыр. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін де осы Жағалау шағын ауданының басқа тұрғын үй кешенінде жұрттың бітпеген құрылыс пен сорғалап аққан судың астында өмір сүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама