×

Ресейде балабақшаларға да «пропаганда» енгізілуі мүмкін – БАҚ

2024 жылы соғыс насихатын жүргізу үшін баспасөзге 44,32 млрд рубль жұмсалады

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2022 | 15:41
фото: ашық дереккөз

Ресей билігі мемлекеттік идеология мен насихатты балабақшалардағы сәбилерден бастатуды қолға алғалы отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Кремль Украинадағы соғыс созыла түскен сайын «пропагандасына» ілігуге тиіс жеткіншектердің жастарын біртіндеп төмендетіп келе жатыр. Бұған қазір жас толқын арасында мемлекеттік телеарна контентін тұтынатындар қатары азайып келе жатқаны да себеп болған.

Қазір болып жатқан негізгі соғыс – бұл ақыл-ой арасындағы соғыс. Біздің бәріміз бұл соғыста арнайы жасақ өкілдеріміз, – деп мәлімдеді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Кириенко. 

Министрліктердің қоғаммен байланыс жөніндегі шенеуніктерімен өткен жабық семинарда Кириенко ең алдымен мектептерді және балабақшаларды «ақпараттық соғысқа» осы бастан дайындай беру керектігін айтты.

Ойлаңыздар, біздің елімізде қазір 18 миллион мектеп оқушысы бар екен. Бұған енді олардың ата-аналарын қосыңыздар. Сонда қанша болады? Бұлар деген үлкен күш қой! – деді ол.

Кириенко Украинадағы ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін де «ақпараттық соғыстың» тоқтамайтынын сөз етті. Бұл ретте Кремль Путин билікке келген кезден бастап бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауда ұстауды күшейтті. Ол соғыс басталғалы бері тіпті күшейіп кетті. Қазір елде еркін ойлы бірде-бір баспасөз қалған жоқ.

Егер биыл елде соғыс насихатын жүргізу үшін баспасөзге 6,47 млрд рубль бөлінген болса, ол келесі жылы 29,7 млрд рубльге көбейгелі отыр. Ал 2024 жылы 44,32 млрд рубльге жеткізілмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама