×

Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

34 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 06.12.2022 | 15:53
Фото: turkystan.kz

Атырауда 13 жасар қызды зорлауға оқталды деген ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында ұсталған.

Ер адам «Reno Duster» көлігін заңсыз басқарып кетіп, көпқабатты үйлердің ауласына тоқтаған. Көлік салонында 13 жастағы жасөспірім қызды зорлауға оқталғаны анықталды. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті ұсталды, – делінген хабарламада.

Қазір 34 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама