Halyq Uni логотип
×

Министр жылусыз қалған Екібастұздағы ауруханалар жайлы: «Босанатын әйелдер Павлодарға жіберіледі»

Ажар Ғиният министрлік Екібастұздағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отырғанын айтты

 Дәурен Ерболат 02.12.2022 | 14:31
Министр жылусыз қалған Екібастұздағы ауруханалар жайлы: «Босанатын әйелдер Павлодарға жіберіледі»
фото: yandex.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатты аязда жылусыз қалған Екібастұздағы ауруханаларға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Екібастұз қаласының медициналық ұйымдарына тоқталайын. Апат болған алғашқы күннен бастап, жағдай бақылауға алынды. 2-3 сағат сайын Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат түседі. Бүгін аурухана палаталарында ауа температурасы 21-22 градус болса, кейбірінде 24-ке жетті», - деді министр Сенаттағы Үкімет отырысынан соң.

Ажар Ғиният Екібастұздағы маңызды ғимараттар жылусыз қалған күннен бастап ауыр науқастар мен жүкті әйелдер шұғыл түрде Павлодар қаласына жеткізілгенін айтты.

Тиісті жағдай жасалған ауруханаларда науқастар емделіп жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Министрлік ондағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отыр. Бейнебақылау жүйесі арқылы да көмек көрсетіледі. Босанатын әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі, - деді министр.

Айта кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Соған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдерге ескерту жасады. Ал премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұздағы төтенше жағдайға шенеуніктер жауап беруі керек деген пікірде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама