Ақшалай өндірілген криптовалюта мөлшері 2,5 млн долларды құрады
Нұр-Сұлтанда тағы бір майнинг фермасының заңсыз қызметі әшкереленді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, өнеркәсіптік аймақ аумағында майнинг фермасын тапты.
Тексеру барысында 3 контейнердің ішінен 1170 мөлшерінде ANTMINER E3, WHATSMINER M20S, ANTMINER T17, ANTMINER L3+ майнингке арналған цифрлық жабдықтың 4 түрі табылды, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаның алдын-ала мөлшері шамамен 2,5 миллион долларды құрайды.
Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін бас қалада заңсыз майнинг фактісі анықталған болатын.
Президент елде заңсыз жұмыс істейтін майнинг фермаларын анықтауды тапсырды. Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күресетінін айтты. Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді. Атбасарда деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы табылды. Шымкентте заңсыз майнинг фермасы әшкереленді. Майнингті заңдастыру мемлекет пен криптоиндустрия үшін тиімді, деді cарапшы. Қостанайда шетелдіктерге тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды. Түркістан облысында миллиард теңгеге жабдықталған майнинг фермасы анықталды.