Halyq Uni логотип
×

Елордада заңсыз майнинг фактісі анықталды

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

 Халық үні 04.03.2022 | 14:30
Елордада заңсыз майнинг фактісі анықталды
коллаж: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фактісін анықтады.

Майнингке арналған 56 құрал-жабдық табылды, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Олжаланған криптовалюта 237 000 доллар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұған дейін Президент елде заңсыз жұмыс істейтін майнинг фермаларын анықтауды тапсырды. Үкімет «сұр майнерлермен» қалай күресетінін айтты. Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталды. Астанада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді. Атбасарда деструктивті діни ағым жақтаушыларына тиесілі майнинг фермасы табылды. Шымкентте заңсыз майнинг фермасы әшкереленді. Майнингті заңдастыру мемлекет пен криптоиндустрия үшін тиімді, деді cарапшы. Қостанайда шетелдіктерге тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды. Түркістан облысында миллиард теңгеге жабдықталған майнинг фермасы әшкереленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама