×

Қазақстанда бір күнде жүзге жуық адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 92 науқас тіркелді

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 10:47
фото: ашық дереккөз

23 қарашадағы мәлімет бойынша, 771 адам коронавирустан емделіуде. Олардың ішінде 120 пациент стационарда, 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Денсаулық сақтау минимстрлігінің хабарлауынша, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы қиын. Екі пациенттің жағдайы өте қиын бір науқасқа ӨЖЖ аппараты қосылған.

Қазір елде індеттің қайта өрши бастағанына байланысты шет елден гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасы келетін болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Ол Pfizer/BioNTech компаниясының вакцинаны гуманитарлық көмек ретінде беретінін атап өтті.

Коронавирусқа қарсы QazVac және Sinopharm вакциналарының 500 мың дозасы бар. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасын аламыз. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Келесі аптада елімізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтамыз, –  деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, екпе емханада салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама