×

Елімізге гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасы келеді

Екпе емханада салынады

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2022 | 13:38
фото: ашық дереккөз

Елімізге гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасы келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Ол Pfizer/BioNTech компаниясының вакцинаны гуманитарлық көмек ретінде беретінін атап өтті.

Коронавирусқа қарсы QazVac және Sinopharm вакциналарының 500 мың дозасы бар. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасын аламыз. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Келесі аптада елімізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтамыз, –  деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, екпе емханада салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама