×

Коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы өте қиын

Елде 801 адам емделіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2022 | 10:01
фото: ашық дереккөз

21 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 801 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Инфекция жұқтырғандардың арасында 7 адамның жағдайы қиын. Екі пациенттің жағдайы өте қиын. Тағы екі адам ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Министрлік бұдан бір күн бұрын коронавирус инфекциясынан 797 адам емделіп жатқанын, 19 қарашадан бері 786 адамның ауру жұқтырғанын хабарлаған болатын.

«Бір күнде орта есеппен 10 шақты адам ауру жұқтырды», –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама