×

Сайлау кезінде цифрлық құжатты пайдалануға бола ма?

Электронды нұсқа түпнұсқаның аналогы болып есептеледі

 Динара Амантай 15.11.2022 | 15:52
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру кезінде азаматтар сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасының электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының тқрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, цифрлық құжатты ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге бюллетень берілуге тиіс.

Цифрлық құжаттар азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие. Олар – құжат түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде цифрлық құжатты ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беруге тиіс. Мұндай тәжірибені біз республикалық референдум өткізу кезеңінде қолдандық. Президенттік сайлауды өткізуге дайындық барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері құжаттың дұрыстығын тексеруге қосымша оқытылды, - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бас прокуратураның сайлау науқанына байланысты ескерту жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама