×

Алматыда нәресте сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Құрамында АХАЖ бөлімінің қызметкері де болған

 Динара Амантай 07.11.2022 | 14:22
Фото: ernur.kz

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматы қаласында балалардың туу туралы куәлігін дайындаумен, баласынан бас тартуға дайын жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасыларды іздеумен айналысқан қылмыстық топ анықталған. Топ құрамында АХАЖ бөлімінің қызметкері де болған.

Келісімшарт сомасы 1-2 миллион теңге аралығында болған. Жалған құжат және анықтаманың 700 теңгеге сатылғаны анықталды. Бүгінде аталмыш топтың бала саудасымен байланысты 6 дерекке қатысы бар екендігі анықталды, - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Бұған қоса, балаларды сатқандар мен сатып алушылар Қазақстанның әртүрлі қаласының тұрғындары екендігі белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Бес күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама