×

Елімізде кейбіреулер несие төлеу үшін ағзасын сатуға мәжбүр

Көбіне адам саудасының құрбанына айналуға жеңіл ақша мен «әдемі өмірді» іздеу себеп болады

 Еркеғали Болатұлы 07.11.2022 | 12:22
фото: Halyq Uni

Мойнында несиесі бар азаматтардың ағзаларын сатуы жиілеген. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді.

Бұған осы криминалдық бизнестен мол пайда табуға болатыны себеп болып отыр. Күнделікті қызметте адам саудасына: жыныстық пайдалану және еңбекті қанау, асырап алуға беру үшін жаңа туған балаларды сату, адам ағзаларын сату, қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыс түрлері кездеседі, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, адам саудасының құрбанына айналуға көбіне ақпараттың болмауы, құқықтық сауатсыздық, «тірі» жұмыс күшінің қолжетімділігі, интернеттің ықпалы, жеңіл ақша мен «әдемі өмірді» іздеу, сондай-ақ шетелдіктердің заңсыз мәртебесі себеп болады.

Балаларды сату қылмыстарының негізгі нысаны – жаңа туған балалар, ал адам ағзасын сатуға несие міндеттемелері бар азаматтар барады. Бұған бір жағынан заңнаманың жетілдірілмеуі, репродуктивті денсаулықтың нашарлығы да ықпал етеді, - деді департамент бастығы.

Еске сала кетсек, бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама