×

Әуежайдың жүк тиеушісі 1 млн теңгеге бағаланған алтын бұйымдарды ұрлаған

Ақтауда 30 жастағы азамат ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 04.11.2022 | 15:56
фото: inform.kz

Көлік полициясы Ақтау әуежайының жүк тиеушісін ұстады. Оған 1 млн теңгеге бағаланған алтын бұйымдарды ұрлады деген айып тағылып отыр.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ол «Ақтау – Анталия» және «Ақтау – Алматы» рейстерінің екі жолаушысының алтын бұйымдарын ұрлаған.  Зарлап шеккен азаматтың бірі, 41 жастағы жолаушы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне екі неке сақинасының, екі сырғасының, білезік пен алқасының ұрланғаны туралы шағымданған.

Көлік полициясының хабарлауынша, осындай арыз ведомствоға Алматы қаласының 42 жастағы тұрғынынан да келіп түскен.

Ол «Ақтау – Алматы» бағытындағы әуе рейсімен үйіне ұшып келгеннен кейін жүгіне салынған алтын бұйымдардың (гауһар тастары бар сары және ақ алтыннан жасалған сырға-сақиналар) жоғалғанын хабарлаған. Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 930 мың теңге болды.

«Жедел-іздестіру кезінде көлік сақшылары әуежайдың 30 жастағы жүк тиеушісін анықтап, ұстады. Күдіктінің Маңғыстау облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Тергеу жүргізілуде», – деді Көлік полициясы департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама