×

Қаржы мониторингі агенттігі 15 қызметкерінің казиноға барғанына қатысты пікір білдірді

Агенттік қызметтік тергеу жүргізіп жатыр

 Айгерім Таубай 04.11.2022 | 09:14
Фото: secretmag.ru

Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлерінің казиноға барғанына қатысты пікір білдірді. Агенттік желіде тараған ақпаратты жоққа шығармады, қазір қызметтік тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Алматы облысы прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің 507 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсағанын хабарлады. Прокуратура дерегіне сәйкес, 305 мемлекеттік қызметкер казиноға барған.

Агенттік желіде тараған ақпарат расталса, қызметкерлеріне қатысты тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.

Қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері ойын мекемелеріне барған жағдайлар бойынша қазір агенттіктің ішкі қауіпсіздік департаментінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп жауап берді агенттік Halyq Uni ресми сауалына.

Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері расталған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қолданылады.

Сондай-ақ агенттік басты мақсатының бірі ретінде мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселесі, оның ішінде қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтауы, қарапайымдылық танытуы, қоғамда жат мінез-құлыққа жол бермеу қағидалары агенттіктің азаматтық қоғам алдында өзіне деген сенімді арттыру және оң имиджді қалыптастыру екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үш қызметкерінің казиноға барғанына қатысы жауап берді.

Қазақстанның қорғаныс министрлігі казиноға барған қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама