×

305 шенеунік казинода көзге түсті: прокуратура кімдердің 507 млн теңгені құмар ойынға тіккенін анықтады

Құмар ойынға Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жақын болып шықты. Олар 97 млн теңге тіккен

 Халық үні 20.10.2022 | 23:45
Фото: pixabay.com

Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның дерегінше, 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

  • Ішкі істер министрлігі – 97 қызметкер;
  • Қорғаныс министрлігі – 95 қызметкер;
  • Қаржы министрлігі – 25 қызметкер;
  • Жоғарғы сот – 7 қызметкер;
  • Қаржы мониторингі агенттігі – 15 қызметкер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 қызметкер;
  • Жергілікті атқарушы органдар – 36 қызметкер;
  • Басқа мемлекеттік органдар – 27 қызметкер.

Облыстық прокуратура аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, істі құзыретті органдарға шара қолдану үшін жолдағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама