×

Елімізде көмір несиеге беріле бастады

Мобильді қосымша арқылы 24 айға бөліп немесе несиеге алу тетігі қосылды

 Дастан Жұмабекұлы 02.11.2022 | 11:25
фото: inform.kz

Қазақстандық банктердің бірінде көмірді мобильді қосымша арқылы 24 айға бөліп немесе несиеге алу тетігі қосылды. Қазір халық қызметтің бұл түрін белсенді түрде қолдана бастады. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлады.

Енді көмірдің ақшасын екі жылға дейін бөліп төлеуге болады. Мысалы, Павлодар облысының кейбір тұрғындары көмірді несиеге ала бастаған. Тұрғындардың айтуынша, егер бұл мүмкіндік болмағанда, үйлерін жылытулары қиынға соғатын еді. Облыста көмірдің бір тоннасы – 17 мың теңге. Оны жеткізумен айналысатын компания өкілдерінің айтуынша, тауар сатып алушыға жеткенше үстеме баға 400 пайызға дейін көтеріледі.

Теміржол, техника, көмір бәрі қымбаттауда. Біз соңғы сатыдамыз. Бағаны көтермеу туралы меморандум бар. Егер бұл клиентке ыңғайлы болса, біз келісеміз, –  деді көмірді жеткізу жөніндегі компания басшысының орынбасары Арби Асланбеков.

Павлодар облысы энгергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, қысқа көмір ала алмаған адамдар үшін көмірді несиеге алу жақсы мүмкіндік болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама