×

Жетісу облысының тұрғыны есірткіні сатқан жерінен ұсталды

Күдікті марихуананы сатып тұрғанда қолға түсті

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2022 | 15:44
фото: ашық дереккөз

Жетісу облысында арнайы операция кезінде есірткі сатып жатқан жерінен ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Текелі қаласында арнайы операция жүргізіп, «Бүркіт» арнайы жасағының көмегімен 38 жастағы есірткі сатушыны ұстап, одан 1кг-ден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Күдікті «Қарасора» жедел алдын алу операциясы кезінде 62,23 грамм марихуананы сатып жатқанда ұсталды. Ұсталған азамат бұрын ұрлық, алаяқтық және көлік ұрлаумен айналысып, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, –  деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Оның айтуынша, жыл басынан бері40 кг-ден астам түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 2 килодан астамы – «синтетика». 22 есірткі сатушы ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама